Коронавирусқа жаңа атау берілді

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы бас директоры коронавирусқа "Covid-19" атының берілгенін хабарлады.

Коронавирусқа жаңа атау берілді

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы бас директоры Тедрос Адханом Қытайда шыққан жаңа типтегі коронавирусқа "Covid-19" атының берілгенін хабарлады.

Тедрос Адханом Женевадағы бас ғимаратта брифинг өткізіп: «Енді осы эпидемияға жаңа атауымыз бар: "Covid-19" деді.

«Географиялық бір жерге,  бір жануарға,  жеке адамға немесе бір топ адамға қатысы жоқ, сонымен бірге айтылуы жеңіл және эпидемияға байланысты бір атау табуымыз керек болатын» деген ол вирусқа жаңа ат берілуінің маңызды екенін атап көрсетті.

Ол барлық елдерді осы эпидемиямен белсенді күреске шақырып,  жетілдірілетін алғашқы вакцинаның 18 айда аяқталуып қалуы мүмкін екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар