Коронавирустың қауіпіне алғаш назар аударған дәрігер қайтыс болды

Полиция оның жазбасынан кейін тергеу бастаған еді.

1354866
Коронавирустың қауіпіне алғаш назар аударған дәрігер қайтыс болды

Қытайда жаңа типтегі коронавирус қаупіне бірінші рет назар аударған дәрігер Ли Уенлианг індеттен қайтыс болды.

Ли 12 қаңтар күні науқастардың бірінен вирус жұқтырды деген күдікпен бақылауға алынып, 1 ақпан күні болса жаңа типтегі коронавирус жұқтырғаны нақтыланған еді.

Желтоқсан айында жергілікті теңіз өнімдері базарында SARS-қа ұқсайтын бір вирустың ортаға шыққанын  медициналық факультетіндегі жолдастарының группасына жазған Ли қайтыс болды.

Ол Уханда бір ауруханада міндет атқаратын еді. Әлеуметтік желідегі группасында жаңа типтегі вирустан 7 адамның карантинге алынғанын білдіріп,  індеттің қаупіне назар аударған болатын.

Ухан полициясы аталмыш хабарламасынан кейін ол жөнінде «өсек тарату» айыбымен тергеу бастаған болатын.

Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы Ли қайтыс болғаннан кейін «Доктор Ли Уенлиангтың қазасына қатты қайғырдық.  Барлығымыз оның 2019nCoV тақырыбындағы еңбегі үшін алғыс айтамыз» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар