Румынияда үкімет дағдарысы

Үш ай бұрын құрылған үкімет тарады.

1354143
Румынияда үкімет дағдарысы

Румынияда премьер-министр Людовик Орбан үш ай бұрын құрған үкімет тарады.

Орбан үкіметі жөніндегі берілген интерпелляция 139-ға қарсы 261 дауыспен қабылданды.

Орбан дауысқа салудан кейін «Бүгін үкіметтің таралуы үшін дауыс берген депутаттар Румынияның демократиясы мен негізгі мүдделерін аяққа таптады» деді.

Елде үкімет жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетін атқарады. Жаңа үкімет құрылмаса,  мамыр немесе маусым айында мерзімінен бұрын сайлау өткізілуі мүмкін.

Виорика Дансила басшылығында құрылған бұдан бұрынғы үкімет те қазан айында интерпелляциямен құлатылып,  артынан Орбан үкіметі қалыптасқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар