Қытайда жаңа туған сәбиде вирус анықталды

Қытайдың Ухан қаласында жаңа типті коронавирусты жұқтырған бір ана дүниеге әкелген сәбиде 30 сағаттан кейін вирус анықталды.

1354053
Қытайда жаңа туған сәбиде вирус анықталды

Қытайдың Ухан қаласында жаңа типті коронавирусты (2019-nCoV) жұқтырған бір ана дүниеге әкелген сәбиде 30 сағаттан кейін вирус анықталды.

Шинхуа агенттігінің хабарына қарағанда мамандар вирус инфекциясының жүктілікпен бірге сәби туған кезде немесе артынан шешесінен сәбиге жұққаны мағынасына келетін "тікелей өтудың" үлгісі болатынын білдірді. 

Оқиғаның жаңа типті коронавирус инфекциясын жұқтырған ең кішкене кісі ретінде тіркеуге алынғаны атап көрсетілді.

Қытайда жаңа типті коронавирус инфекциясы себеп болған жан шығыны 491 кісіге жетті. Вирусты жұқтырғаны анықталғандар саны 24 мың 324 адамға көбейді.

 



Ұқсас жаңалықтар