Чавушоғлу «Достық» орденімен марапатталды

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлұна «Достық» орденін табыс етті.

1354166
Чавушоғлу «Достық» орденімен марапатталды

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлұна «Достық» орденін табыс етті.

Әзірбайжан президенттік сарайында ұйымдастырылған рәсімде сөз сөйлеген Әлиев Чавушоғлұның Түркия мен Әзірбайжан арасындағы достық пен өзара ынтымақтастықты бекемдеу жолында көрсеткен қызметтеріне назар аударды.

Чавушоғлұның Әзірбайжанды шын жүректен сүйгенін түсіндірген Әлиев министр Чавушоғлұға арнап  былай деді: «Сіз Әзірбайжанға әрқашан қолдау көрсеттіңіз. Еуропа Одағы кеңесінде де сізбен бірге жұмыс істедік. Сол кезде бір-бірімізді қолдадық. Сізбен ұзақ уақыттан бері таныспыз. Сіз Түркия арқылы Әзірбайжанға үлкен үлес қостыңыз. Бауырлас Түркияның әлем аренасында күшті орталыққа айналуында сіздің рөліңіз үлкен. Сіз Әзірбайжанды өте жақсы білесіз. Әзірбайжан да сізді жақсы көреді. Әзірбайжан халқы дос және бауырлас ретінде сізді қатты құрметтейді. Сондықтан сізге «Достық» орденін табыс етіп отырмын».

Чавушоғлұ да саясатқа бастаған күннен осы таңға дейін тек Түркияның емес, Әзірбайжан халқының мүддесін қорғауды өз борышы ретінде қарағанын айтты.

Өзіне «Достық» орденін бергеніне риза болғанын баяндаған Чавушоғлұ Әзірбайжан президентіне алғыс айта отырып  былай деді: «Әрқашан түрік халқының қасында болдыңыз. Түркия мен Әзірбайжан екі бауырлас ел ретіндебірге болады. Президентіміз Режеп Тайып Ердоған және сіздің лидерлігіңізде екі ел қарым-қатынастары тіпті күшейді. Біз екі мемлекетпіз, бірақ тегіміз бір ұлтпыз. Мен сыртқы істер министрі ретінде тек Түркияның ғана емес, Әзірбайжанның да сыртқы істер министрі ретінде жұмыс істедім. Бұл орден мен үшін үлкен абырой.  Марапатыңыз  үшін сізге көп рахмет».



Ұқсас жаңалықтар