Хафтерге қарасты күштер 5+5 әскери комитет жиналысына қатысады

БҰҰ Ливия арнайы өкілі Гассан Селаме және орынбасары Стефани Уильямс Ливияда Халифа Хафтермен бас қосты.

1351550
Хафтерге қарасты күштер 5+5 әскери комитет жиналысына қатысады

Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштердің басшысы Халифа Хафтер тұрақты бітімді қамтамасыз ету мақсатты Швейцарияның Женева қаласында ұйымдастырылатын 5+5 әскери комитет жиналысына қатысатындарын атап көрсетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ливия Қолдау қызметінің ресми твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемесіне қарағанда БҰҰ Ливия арнайы өкілі Гассан Селаме және орынбасары Стефани Уильямс Ливияның шығысындағы эр-Реджмеде Халифа Хафтермен бас қосты.

Экономикалық және саяси тақырыптар қолға алынған бас қосуда Хафтер өзіне қарасты күштердің Женевада болып өтетін 5+5 әскери комитет жиналысына қатысатынын білдірді.

Ливия тақырыбында 19 қаңтар күні Германияның бас қаласы Берлинде болып өткен конференцияда халықаралық заңдылыққа ие Ливия Ұлттық келіссөз үкіметі және Хафтер тарапынан бес бестен әскери өкілдің БҰҰ қамқорлығында тұрақты бітімді қамтамасыз ету мақсатты бас қосуға шешім қабылданған еді.

Ливия Ұлттық келіссөз үкіметі бұл келіссөздерге қатысуды мақұлдаған дегенмен Хафтер кезеңді жауапсыз қалдырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар