Макрон әкімшілігіне қарсы наразылық шерулері жалғасуда

Макронға қарсы ұрандар тастап, плакаттар көтерген шерушілер оқиғасыз тарқады.

1350256
Макрон әкімшілігіне қарсы наразылық шерулері жалғасуда

Франция зейнеткерлік реформасына қарсы шыққандар президент Эммануэль Макрон әкімшілігіне наразылықтарын тағы бір рет тілге тиек ету үшін кеше шеруге шықты.

Францияда кәсіподақтардың шақыруымен Париждегі Италия алаңында жиналған шерушілер Ваубан алаңына қарай шеру ұйымдастырды.

Демонстранттар зейнеткерлік реформасы заң жобасының кері шегуді талап етуде.

Макронға қарсы ұрандар тастап, плакаттар көтерген шерушілер оқиғасыз тарқады.

Париж полиция департаментінің мәлімдемесіне қарағанда бас қаладағы шеруде 13 адам тергеуге алынды.

Лилльдегі шеруде болса полиция мен шерушілер арасында қақтығыс болды. Полицейлер көзге жасаурататын газбен араласты.

Тулузада демонстранттар сауда орталығын жауып, адамдардың орталыққа кіруіне және шығуына жол бермеді.

Кеше өткен шерулерге қатысқан адамдар саны алдыңғыларымен салыстырғанда аз екені байқалды.



Ұқсас жаңалықтар