Ресей БҰҰҚК мүшелерін саммитке шақырды

Путин БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі елдердің лидерлеріне саммит өткізуді ұсыныс етті.

1348378
Ресей БҰҰҚК мүшелерін саммитке шақырды

Ресей президенті Владимир Путин Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі елдердің лидерлеріне саммит өткізуді ұсыныс етті.

Кремль сарайының мәлімдемешісі Дмитрий Песков астана Мәскеуде журналистерге берген сұхбатында Путиннің БҰҰҚК-нің Ресейден басқа тұрақты мүшелері АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Франция лидерлеріне хат жолдағанын білдірді.

Путиннің хатында аталмыш елдердің қатысуымен саммит өткізілуін сұраныс еткенін білдірген Песков:

"Путин үшін саммиттің уақыты мен жері емес, лидерлердің бас қосуы маңызды" деді.

Владимир Путин Парламенттегі сөзінде:

"Ядролық қаруға ие бес ел АҚШ, Ресей,  Ұлыбритания, Қытай және Франция адамдарды қорғау және жалғастыруға болатын дамуды қамдауға жауапкер. Осы елдер жаһандық соғыстың себептерін жоятын процесті бастауы қажетті" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар