АҚШ президенті Қытайға жәрдем ұсынды

Президент Трамп коронавирус инфекциясымен күрес тақырыбында Пекин әкімшілігіне жәрдем беруге дайын екенін білдірді.

1348647
АҚШ президенті Қытайға жәрдем ұсынды

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың Ухан қаласынан тараған жаңа коронавирус (2019-nCoV) инфекциясымен күрес тақырыбында Пекин әкімшілігіне жәрдем беруге дайын екенін білдірді.

Президент Трамп твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде аталмыш коронавирус оқиғасының АҚШ-та өте аз адамда анықталғанын және кезеңді жақын қадағалағандарын атап көрсетті.

Трамп мәлімдемесінде «Қытаймен аталмыш вирусқа қатысты тығыз байланыстымыз. Қытай мен мемлекет басшысы Сиге қажетті әртүрлі жәрдемді ұсындық. Бұл тақырыпта мамандарымыз өте мықты» деді.



Ұқсас жаңалықтар