Коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 80-ге жетті

Вирус жұқтырған 51 кісі сауығып кетті.

1347896
Коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 80-ге жетті

Қытайдағы жаңа типтегі коронавирус (2019-nVoC) салдарынан қайтыс болғандар саны 80-ге жетті.

Ұлттық Денсаулық комитетінің хабарламасына қарағанда,  Тибет автономды аймағы тысында барлық уәлаят, автономды аймақ және ауылдарға тараған коронавирус жұққан адам саны 2744. Олардың 461-інің жағдайы ауыр.

Айырықша Гонгкокта 8,  Макауда 5 және Тайваньда 4 оқиға тіркелді.

Вирус жұқты деп күдіктенгендер саны 5 мың 794. Жұқтырған кісілермен жақын қатынаста болған деген себеппен 30 мың 453 адам бақылауға алынды.

Вирус жұғып ауырған 51 кісі сауығып кетті.

Індет салдарынан Мемлекеттік кеңес 31 қаңтар күні аяқталуы керек қысқы демалыстың созылатынын білдірді.

Хубей әулаятының Ухан қаласында вирус анықталғаннан кейін осы әулаяттағы кейбір қалаларда қоғамдық көліктердің қатынасы тоқтады. 150 миллион тұрғыны бар Гуангдонг және Гианши әулаяттарында демперде кию мәжбүр болды.

Пекин, Шанхай секілді ірі қалаларға жолаушы автобустарының кіруіне тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар