Қауіпті вирус әлемге тарап жатыр

Жаңа коронавирус Сингапур,  Вьетнам және Сауд Арабиясына да жетті.

1346472
Қауіпті вирус әлемге тарап жатыр

Қытайдың Ухан қаласында ортаға шыққан жаңа коронавирус Сингапур,  Вьетнам және Сауд Арабиясына да жетті.

Сингапур Денсаулық министрлігі 20 қаңтар күні отбасымен бірге Сингапурға келген, Уханда тұратын 66 жасар қытай кісіде жаңа вирус анықталғанын білдірді.

Министрлік жолда тамағы ауырып,  ертеңіне температурасы көтерілген науқастың каратинаға алынғанын хабарлады. Анализ нәтижесінде науқастың жаңа коронавирус түрін жұқтырғаны анықталды.

Оның 37 жасар баласының да бақылауға алынғаны,  ұшақта жақынында болған жолаушылардың ізделіп жатқаны айтылды.

Вьетнам Денсаулық министрлігі кеше температурасы көтеріліп, ауруханаға жатқызылған қытай кісі мен баласында жаңа вирус анықталғанын білдірді. Қытайдың Ухан қаласында тұратын әкесі баласын көру үшін 13 қаңтар күні Ханойге келген. Әкесі мен баласы осы жерден Хо Ши Мин қаласына келген.

Әкесі 17 қаңтар күні температурасы көтерілген. Баласында да аурудың белгілері үш күннен кейін көріне бастаған.

Үндістан Сыртқы істер және парламент істері вице-министрі Велламвелли Муралеедхаран Сауд Арабиясында жұмыс істейтін үнді медбикеде жаңа вирус табылғанын білдірді.

Қытайда 571 адамға жұққан вирустан 25 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар