Ирактағы ереуілдер тоқтар емес

Ирактағы үкіметке қарсы ереуілшілер елдегі 18 уәлаяттың 9-ында жолды тосу әрекетін жалғастырып жатыр.

Ирактағы ереуілдер тоқтар емес

Ирактағы үкіметке қарсы ереуілшілер астана Бағдатты қамтыған елдегі 18 уәлаяттың 9-ында жолды тосу әрекетін жалғастырып жатыр.

Үкіметті құратын кісінің белгіленуі үшін Ирак әкімшілігіне қысым көрсеткен ереуілшілер Бағдатпен бірге Бабиль, Кербала, Нежеф, Мейсан, Мусенна, Дивание, Зикар және Басра қалаларында негізгі жолдар мен көшелерді машина дөңгелектерін өртеу арқылы тосып тастады. 

Бағдаттың орталығын екі жағасымен жалғайтын автожол мен көпірлерді де дөңгелек өртеп тосқан ереуілшілер көліктердің өтуіне жол бермеді.

Қауіпсіздік күштері протестшлірге газ бомбасын лақтырды, кейде оқ та атты.

Иракта 2019 жылы 1 қазаннан бері парақорлық, инфрақұрылымдардың нашарлығы, жұмыссыздық және елдің ішкі істеріне шетелдіктердің килігуі сияқты түрліше себептермен үкіметке қарсы протест шерулері өтіп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар