Ирак премьер-министрі зымыран шабуылын айыптады

Әділ Абдүлмехди АҚШ-тың Ирак Өкілетті елшілігіне бағытталған зымыран шабуылын айыптады.

Ирак премьер-министрі зымыран шабуылын айыптады

Ирак премьер-министрі Әділ Абдүлмехди АҚШ-тың Ирактағы Өкілетті елшілігіне бағытталған зымыран шабуылын айыптады және оқиғамен байланысты тергеу ашуға тапсырма берді.

Ирак премьер-министрлік офисінен жасалған жазбаша мәлімдемеде отставкаға кеткен премьер-министр Абдулмехди кеше түңгі уақытта Жасыл аймақтағы АҚШ Өкілетті елшілігі ғимараты маңына құлаған 3 катюша зымыранымен жасалған шабуылды айыптағанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде Абдүлмехдинің шабуылмен байланысты тергеу тапсырмасы бергені білдірілді.

Ирак Медиа қауіпсіздік желісі кеше бас қала Бағдатта үкімет ғимараттары және өкілетті елшіліктер орын алған қорғанысты Жасыл аймақ (Аралық аймақ) маңына 3 зымыранның құлағанын, шабуылда адам шығыны мен жаралы жоқ екені жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар