Қорытынды хаттама жарияланды

Ливия Конференциясының қорытынды хаттамасы жарияланды.

Қорытынды хаттама жарияланды

Ливияда түбегейлі атысты тоқтату және саяси шешімнің басталуы мақсатымен Германияның астанасы Берлинде ұйымдастырылған Ливия Конференциясының қорытынды хаттамасы жарияланды.

Қорытынды хаттамасында Ливия өкілдер мәжілісі бекіткен жалғыз, бірлестіруші, кең көлемді және ықпалды бір үкіметтің құрылуын қолдағаны баяндалса, Ливия саяси келісімінің маңызды бір жол картасы екені білдірілді.

«Орталық және халық бақылауында біріккен бір Ливия ұлттық қауіпсіздік жүйесінің құрылуын қолдаймыз» деген сөзге орын берілген хаттамада осы аяда полиция және әскери күштердің тек бір басқару шаңырағы астында бірлесуі керектігі түсіндірілді.

Хаттамада атысты тоқтату келісімінің атқарылуын бақылайтын техникалық комитеттердің құрылуы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына үндеу тасталса, сонымен қатар БҰҰ-ның тараптар арасында атысты тоқтату келісімін жеңілдететін рөл ойнауы талап етілді.  

Хаттамада «Атасты тоқтату келісімінің басталуынан бастап, тараптарға және қолдаушыларға әскери әрекеттерін доғаруы жайлы үндеу тастаймыз» делінді.

Ливияда барлық тараптарға еркін, кең көлемді және әділетті сайлаулармен өтпелі процестің доғарылуы үшін үндеу тасталған хаттамада «Ливиялықтар тарапынан жүргізілген кең көлемді саяси процеске»  қайтуына талап етілгені баяндалды.

Хаттамада «БҰҰ басқаруында Берлин саммитінен кейін координацияны жалғастыру үшін бір Халықаралық бақылау комитетін құрамыз» делінді.

 



Ұқсас жаңалықтар