Рухани құлатылған ұшаққа байланысты мәлімдеме жасады

Рухани «Уәде беремін. Үкімет осы тақырыптың жарыққа шығарылуын қадағалайды» деді.

Рухани құлатылған ұшаққа байланысты мәлімдеме жасады

Рухани құлатылған ұшаққа байланысты мәлімдеме жасады.  

Иран президенті Хасан Рухани Украина әуе жолдарына тиесілі жолаушы ұшағының Иран қорғаныс жүйесі тарапынан зымыранмен атылуының «кешіруге болмайтын бір қателік» екенін білдіріп, бұл мәселені мұқиятты түрде қадағалайтынын айтты.

Иран мемлекеттік теледидардың хабарына қарағанда астана Тегеранда сөз сөйлеген Рухани «Ұшақтың қалай құлатылуымен байланысты тексерулердің қысқа уақыт ішінде бітірілуін талап еттім. Кешіруге болмайтын бір қателік екені белгілі болғаннан кейін де тақырыптың мұқиятты түрде жариялануы жайлы бұйрық бердім» деді.

Рухани «Уәде беремін. Үкімет осы тақырыптың жарыққа шығарылуын қадағалайды. Осы жайлы арнайы бір сот құрылуы керек» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар