Швеция Ираннан өтемақы талап етуде

Швеция Иран тарапынан құлатылған Украина ұшағында қаза тапқан азаматтары үшін өтемақы талап еткенін жариялады.

Швеция Ираннан өтемақы талап етуде

Швеция Ираннан өтемақы талап етуде.

Швеция Иран тарапынан қателікпен құлатылған Украина ұшағында қаза тапқан азаматтары үшін өтемақы талап еткенін жариялады.

Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде өзінің twitter-парақшасында Иранның Стокгольмдегі өкілетті  елшісі Сайед Расооль Мохаджердің Иранда құлатылған Украина ұшағына байланысты кездесу үшін министрлікке шақырылғанын мәлімдеді.

Украина әуе жолдарына тиесілі 737 үлгідегі ұшағы  8 қаңтар күні  Имам Хумени әуежайынан көтерілгеннен кейін көп уақыт өтпей құлаған болатын.

Иран 176 адам қаза тапқан Украина ұшағының адам қателігімен құлатылғанын мойындады.


Этикеттер: Швеция , Иран , Украина , ұшақ

Ұқсас жаңалықтар