Хафтер келісімге қол қоймады

Ресей СІМ Хафтердің Мәскеуден кеткенін білдірді.

Хафтер келісімге қол қоймады

Ресей Сыртқы істер министрлігі Ливияның шығысын бақылауына алған Халифа Хафтердің кеше келісілген келісім мәтніне қол қоймастан Мәскеуден кеткенін білдірді.

Министрлік Ливияда тараптарлар арасында келісім жасау үшін жұмыстануды жалғастыратындарын хабарлады.

TASS ақпарат агенттігі Хафтердің келісімге қол қоймастан кетіп қалғанын хабарлады.

Кеше Мәскеуде ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар орыс әріптестерімен кездесіп,  Ливияда бітім үшін мәтін жобасында келіскен болатын.

Ливия Ұлттық Келісім үкіметінің премьер-министрі Серрадж жобаға қол қойды,  Хафтер тарабы болса мәтінді талқылау үшін таңға дейін мерзім сұраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар