Испанияда министрлер ант ішті

Испанияда жаңа құрылған солшыл коалиция үкіметінің 22 министрі Король VI Филипп алдында ант ішіп, ресми міндетке бастады.

Испанияда министрлер ант ішті

Парламенттік монархиямен басқарылған Испанияда жаңа құрылған солшыл коалиция үкіметінің 22 министрі Король VI Филипп алдында ант ішіп, ресми міндетке бастады.

Испанияда 10 қарашада өткен жалпы сайлаудан кейін 7 қаңтарда Мәжілістен сенім дауысын алған Социалистік жұмысшы партиясы мен ұшқары солшыл Unidas Podemos одағы арасында құрылған коалиция үкіметі міндетке келді.

Премьер-министр Педро Санчеспен бірге Мадридтегі Корольдық сарайына кірген 11-і әйел 22 министр Испания Атазаңына және Корольге тәуелділікке ант ішті. 

Министрлер кабинетінің тұңғыш жиналысы бүгін өтетіні және бұрынғы Әділет министрі Долорес Дельгадоның Испанияның жаңа Бас прокуроры болып тағайындалатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар