Ливияда атысты тоқтату қамтамасыз етілді

Ливияда қақтығысқан тараптар Түркия мен Ресейдің «атысты тоқтату» шақыруын қабылдады.

1339246
Ливияда атысты тоқтату қамтамасыз етілді

Ливияның шығысындағы төңкерісшіл басшы Халифе Хафтерге қарасты күштер атысты тоқтату бітімін қабылдады.

Бітім жергілікті уақытпен 12 қаңтар күні сағат 00:00 Түркия уақытымен сағат 01.00-де іске қосылды.

Хафтерге қарасты күштердің мәлімдемешісі Ахмед әл-Мисмари ресми твиттер парақшасынан жариялаған бейне көріністі мәлімдемеде Ливияның батысындағы «операциясына қатысты атысты тоқтату шақыруын қабылдағандарын», бірақ атысты тоқтату бұзылған жағдайда ауыр қарсылық берілетіні атап көрсетілді.

Соңғы күндері Ливия тақырыбында дипломатиялық қарым-қатынастарын арттырған Италия премьер-министрі Джузеппе Конте твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Хафтер күштері атысты тоқтатуды қабылдады» деді.

Премьер-министр Конте кеше Ливия премьер-министр Файиз эс-Серраджбен Римде талқылаған кезде Франция президенті Эммануэль Макронға телефон шалған болатын. Конте өткен сәрсенбі күні де төңкерісшіл басшы Хафтерді Римде күткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар