Иран президенті қателікпен құлатылған ұшақ үшін кешірім сұрады

Иран мемлекет басшысы ұшақ апатында қаза тапқандардың туыс-тамырларынан кешірім сұрады.

1339016
Иран президенті қателікпен құлатылған ұшақ үшін кешірім сұрады
muhammed zarif.jpg

Иран президенті Хасан Рухани Украина ұшағының қателікпен түсірілгенімен байланысты «Бұл кешірілмейтін қателіктің жауапкерлері жайлы заңдық тергеу ашу керек» деді.

Иран президенті адам қателігімен атылған зымырандар құлатқан және ондаған адам қаза тапқан оқиға себепті өкінішті екендерін атап көрсетті.

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф болса Украина әуежолдарына тиесілі жолаушы ұшағының «қателікпен» құлатылғанын атап, кешірім сұрады.

Зариф твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде ұшақтың құлатылуымен байланысты АҚШ-ты айыптады және «АҚШ-пен дағдарыс себепті адам қателігінен пайда болған апат үшін өкініштіміз. Халқымыздан, құрбандарын жанұяларынан зиян көрген баршадан кешірім сұраймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар