Иран Мәжілісі АҚШ армиясын ‘террорист’ деп жариялады

Иран Мәжілісі Жалпы кеңес жиналысында АҚШ армиясын 'террорист' деп атаған заң бірауыздан қабылданды.

1336371
Иран Мәжілісі АҚШ армиясын ‘террорист’ деп жариялады

Иран Төңкеріс сарбаздары армиясы Иерусалим қолбасшысына АҚШ жасаған қастандықтың артынан алғаш рет жиналған Иран Мәжілісі жаңа бір шешім қабылдағанын жариялады.

Иран Мәжілісінің «жедел» деген кодпен бекіткен заң жобасы арқылы АҚШ армиясы мен оған қарасты мекемелер және фирмалар ‘террорист’ деп жарияланды.

Заң Иран Мәжілісі Жалпы кеңес жиналысында бірауыздан қабылданды.

АҚШ Төңкеріс сарбаздары армиясын террор тізіміне алған соң Иран Мәжілісі қабылданған заңдарға реттеу енгізіп, АҚШ армиясы және оған қарасты мекеме мен фирмаларды ‘террорист’ деп жариялады.

Иран Төңкеріс сарбаздары армиясына қарасты Иерусалим күші қолбасшысы генерал Касым Сүлеймани және Хашди Шааби ұйымы төраға орынбасары Әбу Мехди әл-Мүхендис 3 қаңтар күні Ирактың Бағдат әуежайы маңына АҚШ жасаған әуе шабуылында өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар