Ирандық басшылар АҚШ-ты қорқытты

Иранда 3 күндік аза тұту жариялаған діни басшы Али Хаманей «Қылмыскерлерден ауыр түрде кегін қайтарамыз» деді.

1334274
Ирандық басшылар АҚШ-ты қорқытты

Иран Төңкеріс Сарбаздары армиясына қарасты Иерусалим күші қолбасшысы генерал Касым Сүлейманидің АҚШ-тың зымыран шабуылымен Ирактың бас қаласы Бағдатта өлтірілуіне Тегеран әкімшілігі қатаң наразылық көрсетті.

Ирандық лауызымдылар бірінен соң бірі мәлімдеме жасауда.

Иранда 3 күндік аза тұту жариялаған діни басшы Али Хаманей «Қылмыскерлерден ауыр түрде кегін қайтарамыз» деді.

Өкінішті бір оқиға екенін, дегенмен күрестің жеңіске жеткенше жалғасатынын және «қылмыскерлердің» өмірін тозаққа айналдыратындарын атап көрсеткен Хаманей «Сүлейманидің өлтірілуі АҚШ пен Израильге қарсы көтерілістің мотивациясын екі есе арттырады» деді.

Мемлекет басшысы Хасан Рухани жасаған мәлімдемеде «Иран ұлты мен еркіндікті аңсайтын аймақтық елдер мұның кегін қайтарады» деді.

Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф болса Сүлейманиді өлтірудің өте қауіпті бір қадам екенін және жауапкерінің АҚШ болғанын жариялады.

Ирандық бір генералға жасалған бір қастандықтың «өте қауіпті және тендектік» екенін білдірген Зариф «АҚШ қарақшы ұстанымының нәтижелеріне толығымен жауап береді» деді.

Қорғаныс министрі Әмір Хатеми болса «Шабуылға қарсы ауыр түрде жауап қайтарылады» деді.

Иран Төңкеріс Сарбаздары армиясы қолбасшыларының бірі Мухсин Рызаи де АҚШ шабуылында өлтірілген Иерусалим күші қолбасшысы Касым Сүлейманидің кегін қайтаратындарын атап көрсетті.

Армия мәлімдемешісі Рамазан Шариф болса Төңкеріс сарбаздары мен аймақтағы одақтастарының бүгіннен бастап жаңа бір сатыға өткенін, АҚШ пен Израильдің қуанышының «Азаға айналатынын» мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар