АҚШ Сирияға қару-жарақ жолдап жатыр

АҚШ Сирияда YPG/PKK  жаулап жатқан базалары мен әскери түйіндеріне қосымша күш жолдады.

1333582
АҚШ Сирияға қару-жарақ жолдап жатыр

Америка Құрама Штаттары Сирияда террористік ұйым YPG/PKK  жаулап жатқан базалары мен әскери түйіндеріне қосымша күшті жалғасты жолдап жатыр.

Хасекедегі жергілікті хабар көздерінің білдіруіне қарағанда  АҚШ армиясы Ирактың Сирия шекарасындағы Ел-Велид шекара қақпасы арқылы соңғы бір апта ішінде жалпы 250 жүк көлігін 3 қатарымен жолдаған.

Соңғы рет бірінші қаңтар күні шекарадан кірген көлік қатарында 130 жүк көлігі тікелгені хабарланды.

Жүк көліктерінде 4х4 көліктері, ауыр қарулар және әскери жабдықтармен қоса, құрылыс материалдары да болғаны білдірілді.

АҚШ Бейбітшілік бұлағы операциясынан кейін Сириядағы әскери болмысын террористік ұйым YPG/PKK жаулап жатқан мұнай базаларына жинақтап жүздеген жүк көлігі қатарымен тасымалдарын жалғастыруда. 

АҚШ күштері Сирияда Хасеке, Ракка және Дейризор уәлаяттарында YPG/PKK жаулап жатқан аймақтарда жалпы 11 әскери база мен түйіндері арқылы жұмыстарын жалғастырып келеді. 

Америкалық қолбасшылар 2019 жылы 15 қазанда Дейризорда бас қосқан ру басыларына аймақтан кетпеуге уәде берген.

АҚШ президенті Дональд Трамп 23 қазанда жасаған мәлімдемесінде елдің шығысындағы мұнай базаларын кепілдікке алғандарын және осы жерде АҚШ-тың біраз әскері тұратынын білдірген.



Ұқсас жаңалықтар