Араб Одағы Ливия тақырыбымен кезектен тыс жиналады

Араб Одағы Ливиядағы оқиғаларды қолға алу үшін тұрақты мүшелер деңгейінде кезектен тыс жиналуға шешім қабылдады.

1332178
Араб Одағы Ливия тақырыбымен кезектен тыс жиналады

Мысыр ресми хабар агенттігі MENA-ның хабарына қарағанда Араб Одағының жиналыс шешімі Мысырдың сұранысының артынан қабылданды.

Хабарда жиналыстың отырыс төрағалық міндетін Ирак өкілінің атқаратыны және Ливия тақырыбының қолға алынатыны атап көрсетілді.

Мысырдың мемлекеттік газеттерінің бірі Ахбар әл-Евмнің хабарына қарағанда Каир әкімшілігі «Ливиядағы жаңалықтардың аймақ қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндей өзгеріс ықтималы себепті ортақ бір ұстаным ортаға қою мақсатымен» Араб Одағын кезектен тыс шақырған еді.

Ливияның шығысындағы әскери күштердің төңкерісшіл генералы Халифа Хафтер Триполиді бақылауға алу үшін 4 сәуір күні шабуылдау бұйрығы берген соң Ұлттық Келіссөз Үкіметі жасақтары да «Буркан әл-Гадаб» атты операцияны бастағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар