Иракта террорлық ұйым лаңкестіктерін жалғастыруда

ДАИШ шабуылдарында 9 адам қаза тапты.

1330437
Иракта террорлық ұйым лаңкестіктерін жалғастыруда

Ирактың Киркук және Салахаддин уәлаяттарында террорлық ұйым ДАИШ шабуылдарында 9 адам қаза тапты.

Киркук Полиция дирекциясы баспасөз хатшысы Афрасиав Камил қаланың оңтүстігіндегі аймақта ДАИШ террористтері алып қашырған үш адамның денесі табылғанын білдірді.

Камил аталмыш кісілердің аймақтың диқандары екенін атап көрсетті.

Салахаддин қалалық мәжілісінің Қауіпсіздік комитеті төрағасы Мехди Таки Алем ауданында ДАИШ содырларының қарулы шабуыл жасағанын білдірді.

Шабуылда 6 адам қаза тапты.


Этикеттер: #ДАИШ , #Киркук , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар