Ирактағы шабуылда 5 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

ДАИШ-тың шабуылы салдарынан 5 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты және 10-ны жарақат алды.

1329161
Ирактағы шабуылда 5 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Ирактағы шабуылда 5 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Иракта террор ұйымы ДАИШ-тің Киркук, Мосул және Салахаддин провинцияларындағы шабуылы салдарынан 5 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты және 10-ны жарақат алды.

Қорғаныс министрлігінің Медиа басқармасы тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Салахаддин провинциясына қарасты Эс-Салахие ауылы маңында әскерлердің өтуі барысында жол шетіне төселген бомбаның жарылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде оқиғада 2 әскердің қаза тапқаны, 3 әскердің де жарақат алғаны баяндалды.

Мосул провинциясында міндет атқарған капитан  Файсал Әл-Джубури де Махсур ауданына қарасты Гувер қалашығында жолдың шетіне төселген бомбаның жарылуы кесірінен 2 әскердің қаза тапқанын, 5 әскердің де жараланғанын мәлімдеді.

Киркуктегі шабуылда 1 полиция қаза тапты, 2 полиция жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар