Ливия келіссөз үкіметі Грекияға наразылық көрсетті

Ливия Ұлттық Келіссөз үкіметі Сыртқы істер министрі Мұхаммед Сеййале мәлімдеме жасады.

1327801
Ливия келіссөз үкіметі Грекияға наразылық көрсетті

Ливияда халықаралық деңгейде "заңды" деп танылған Ұлттық Келіссөз үкіметі Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиастың Бенгази қаласы сапарының халықаралық қарарларға қарама-қайшы екенін білдірді.

Ұлттық Келіссөз үкіметі Сыртқы істер министрі Мұхаммед Сеййале министрліктің фэйсбук парақшасынан жарияланған мәлімдемеде «Грекия Сыртқы істер министрінің сапары БҰҰ Бас Ассамблеясы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Араб Одағы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ), Африка Одағы және Еуроодақ сияқты халықаралық мекемелердің қарарлары мен шешімдерін ашық түрде бұзу деген мағынаға келеді» деді.

Сеййале аталмыш мекемелердің Ұлттық Келіссөз Үкіметін Ливияның «заңды» үкіметі ретінде қабылдағанын, аталмыш күштермен құрылған байланыстың заңсыз екенін білдірді.

Грекия Сыртқы істер министрі Дендиас кеше Бенгази сапары аясында елдің шығысындағы төңкерілген генерал Хафтерге қоса, екінші үкімет екені алға тартылған Хафтер үкіметінің лауазымдылары Абдуллах эс-Синни және Абдулхади әл-Хавиджпен бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар