Израильге 3 миллион 300 мың еврей көшіп келген

Израильге 1948 жылы құрылғаннан бері басқа елдерден 3 миллион 300 мың еврейдің көшіп келгені жарияланды.

1324401
Израильге 3 миллион 300 мың еврей көшіп келген

Израильге 1948 жылы құрылғаннан бері басқа елдерден 3 миллион 300 мың еврейдің көшіп келгені жарияланды.

Израиль Орталық Статистика кеңсесі тарапынан жарияланған рапортта Израильге 1948 жылы құрылғаннан бері басқа елдерден 3 миллион 300 мың еврейдің көшіп келгені, бұлардың 43 пайызының 1990 жылдан кейін келгені білдірілді.  Ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында 27 мың 300 еврейдіңИзраильге көшіп келгені,  бұл 2018 жылдан 20 пайыз артық болғаны хабарланды.

2018 жыл басындағы ресми санаққа қарағанда әлемде 14.7 миллион еврей бар, мұның 6.6 миллионы Израильде, 5.7 миллионы АҚШ-та, қалғаны басқа аймақтарда тұрады.

Басқа елдерде тұратын еврейлерге еліне көшіп келу құқығын берген Израиль БҰҰ-ның 194 номерлі шешімінің атқарылуына қарсы шығып, 1948 жылы мәжбүр көшірілген палестиналықтардың  еліне оралуына кедергі жасап отыр.

Израиль әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын еврейлерді Израильге келуге шабыттандырып келеді.



Ұқсас жаңалықтар