Нормандия форматындағы саммит протест етілді

Украина дағдарысының шешімі үшін Нормандия форматында өткізетін саммитке оппозиция наразылық көрсетті.

1319782
Нормандия форматындағы саммит протест етілді

Украина дағдарысының шешімі үшін Германия, Франция, Ресей және Украина басшыларының Нормандия форматында өткізетін саммиті алдында Киевте наразылық шерулері болып өтті.

Елде оппозициядағы бұрынғы президент Петр Порошенко төрағалық жасаған Еуропа ынтымақтастық партиясы, бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың партиясы Отан партиясы және рок жұлдызы Святослав Вакарчуктың Дауыс партиясы ортақ ұйымдастырған наразылық шерулері Тәуелсіздік алаңында болып өтті.

«Қызыл желі» деп атаған шерулерге Киевте оппозиция партиясы мүшесі мыңдаған адам қатысты.

Шерушілер 9 желтоқсан күні ұйымдастырылатын Нормандия басшылар саммитінде Украина президенті Владимир Зеленскийдің бір мемлекет ұғымына көлеңке түсірмеуі, елдің батыспен интеграция саясаты және Қырымның аннекциялау және кері қайтару тақырыптарынан бас тартпауын талап етті.

Шерулер кезінде ауқымды қауіпсіздік шаралары қабылданды.

Украина дағдарысын талқылау үшін  9 желтоқсан күні Францияның бас қаласы Парижде Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленский Нормандия форматында бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар