"Түрік бауырларым мен армиясына алғысымды айтамын"

Сириялық саудагерлер мен сатушылар Түркияға алғысын білдірді.

"Түрік бауырларым мен армиясына алғысымды айтамын"

Сирияның Расулайн ауданында Бейбітшілік бұлағы операциясымен күнделікті тіршілігіне қайта оралған және кәсіп орындарын аша бастаған сатушылар Түркияға алғысын білдірді.

Сирияның Расулайн ауданында Бейбітшілік бұлағы операциясымен күнделікті тіршілік қалпына түсе бастады. Сириялық сатушылар мен дүкендерін ашқан кәсіпкерлер түрік әскеріне алғысын айтуда.

Қорғаныс министрлігінің ресми твиттер парақшасынан «Расулайндық бауырларымыздың сөзіне құлақ түріңдер» тақырыбымен мағлұмат бөлісілді.

Хабарламада сириялық азаматтар “Түрік армиясына алғысымызды айтамыз, олардың арқасында құтылдық. Араб болғанымыз себепті жұмыс істей алмайтын едік. PKK/YPG табысымыздың жартысын тонайтын. Бермегендердің дүкендерін жабатын. Біз қазір Түркияның арқасында сенімді өмір сүреміз. Террор ұйымы не тыныштық берді, не аман қалдырды. Менің кезінде 20 миллион лира ақшамды күштеп алды. Ақшасыз қалдым. Түрік бауырларым мен армиясына бізді қорғағаны үшін алғысымды айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар