Мексикада шыққан қақтығыста 21 адам қаза тапты

Мексикада қауіпсіздік күштерімен қарулы адамдар арасында шыққан қақтығыста 21 адам қаза тапты.

1315801
Мексикада шыққан қақтығыста 21 адам қаза тапты

Мексикада қауіпсіздік күштерімен қарулы адамдар арасында шыққан қақтығыста 21 адам қаза тапты.

Елдің АҚШ шекарасында орналасқан Коахулила уәлаяты губернаторлығына жүк көлігіне мінген қарулы адамдардың Вилла Юнион ауданында жергілікті әкімшілік ғимараттарына шабуылдағаны, шабуылдың артынан федералдық лауазымдылардың операцияч жасағаны атап көрсетілді.

Солтүстік Шығыс Картели мүшелері екені болжалған қарулы адамдармен қауіпсіздік күштері арасында 1 сағатқа созылған қақтығыста 4 полиция барлығы 21 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Кейбір әкімшілік қызметкерлерінің із-түссіз жоғалғаны мәлімденді.

Мексикада картелдермен қақтығыстарда 2006 жылдан бері 300 мыңнан астам мексикалықтың қаза тапқаны, 340 мыңнан астам адамның елді мекендерін тастап кетуге мәжбүр болғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар