Албанияда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда
Жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 45-ке жетті.
1314425

Албанияда 26 қараша күні болған жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 45-ке жетті.
Денсаулықты сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі жаралы азамат санын 790 деп жариялады.
Дырач қаласының Тумане ауданында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар арасында Түркиядан барған топтар да бар.
Министрлер кабинеті жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай жариялады.