АҚШ-тағы орман өрті 2 мың 400 үй мен ғимаратқа қауіп төндіруде

Санта Барбара өрт сөндіру тобы мәлімдемешісі өрттің 16 шақырымдық бір алаңға тарағанын мәлімдеді.

1313194
АҚШ-тағы орман өрті 2 мың 400 үй мен ғимаратқа қауіп төндіруде

АҚШ-тың Санта Барбара қаласының солтүстігінде басталған орман өрті 2 мың 400 үй мен ғимаратқа қауіп төндіруде.

Санта Барбара Өрт сөндіру тобы мәлімдемешісі Майк Элисон жергілікті «KEYT-TV» телеарнасына жасаған мәлімдемеде өрттің 16 шақырымдық бір алаңға тарағанын білдірді.

Қазірше жан мен мүлік шығыны тіркелмеген өрт апаты бақылауға алынбаған жағдайда, апат орнына жақын тұрғын аймақтарда өмір сүрген 6 мың 300 адамды эвакуациялауға тапсырма берілді.

Алдынғы күні кешкі уақытта қаланың солтүстігіндегі Лос-Падрес ұлттық орманында басталған өрттің желмен бірге Санта Йенз тау жүйесінің етегіне және каньондарға тарағаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар