Финляндияда ереуіл

Пошта қызметтері ереуіліне қоғамдық көлік және әуежолдары логистикалық қызметтері де қолдау берді.

1312119
Финляндияда ереуіл

Финляндияда бүгін ереуіл болды.

Екі аптадан бері жалғасып келе жатқан пошта қызметтері ереуіліне бүгін қоғамдық көлік және әуежолдары логистикалық қызметтері де қолдау берді.

Finnair авиакомпаниясының баспасөз қызметі басшысы Паивит Таллвист 300 рейсті тоқтатуға мәжбүр болғандарын, мұның 20 мыңнан астам адамға зиян келтіргенін айтты.

Осы арада Финляндия мен Швевия, Эстония арасындағы күнімен келіп кетіп жүретін кемелер де тоқтап қалды.

Теңізжолдары кәсіподағы төрағасы Симо Зиттинг пошта қызметтері ереуілі шешілгенге дейін кәсіподақ ретінде ереуілге қолдау беретіндерін білдірді.

Хельсинкидегі 1300 автобус та қызмет бермеді. Халық трамвай және электрмен жүретін пойыз жүрмейтін жерлерге балама әдіспен жетуге тырысты.



Ұқсас жаңалықтар