Франциядағы ақшаларын алады

Батыс Африка елдері Франция Орталық банкіндегі ақшаларын қайтарып алу жөнінде келісті.

Франциядағы ақшаларын алады

Бенин президенті Патрис Талон Батыс Африка елдерінің Франция Орталық банкіндегі ақшаларын қайтарып алу жөнінде келіскенін білдірді.

Талон француз баспасөзіне берген сұхбатында отарлау ақша бірлігі CFA франгынан жаңа ақша бірлігіне өтетін Батыс Африка елдерінің Франция Орталық банкіндегі резервтерін қысқа уақытта қайтарып алатынын айтты.

Президент Франциядан алынған ақшаның түрлі одақтас елдердің орталық банктеріне салынатынын айтты.

Бұрын Францияның отарында болған Африканың 14 елінде 1945 жылдан бері қолданылған CFA франгы құнын жоғалтпау үшін евро қалпында сақталған.



Ұқсас жаңалықтар