"Украинаға НАТО қақпасы ашық"

Столтенберг Украинаның НАТО-ға қосылу ықтималына баға берді.

"Украинаға НАТО қақпасы ашық"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның НАТО-ға мүше болуы мүмкін екенін білдірді.

Украинаның «1+1» телеарнасына мәлімдеме жасаған Столтенберг Украинаның НАТО-ға қосылу ықтималына баға берді.

Черногорияның НАТО-ға екі жыл бұрын қосылғанын еске салған Йенс Столтенберг: «Солтүстік Македония бірнеше ай ішінде НАТО-ға мүше болады.  Польша және Балтық елдерінің НАТО-ға мүше болуын ешкім армандай алмаушы еді» деді.

«Одақтастардың барлығы Украинаның НАТО-ға мүше болуына шешім қабылдады.  Украинаның НАТО-ға қосылуы үшін қажетті реформаларды жүзеге асыруы және қоғамның модернизациясы тақырыбында көмектесеміз» деді ол.

Йенс Столтенберг бұдан бұрын Украинаға барғанында НАТО-ның қақпасының Украина үшін әрдайым ашық екенін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар