YPG/PKK-ның шабуылдарында шәйіт болған СҰА әскері саны 144-ке ұласты

Сирия Ұлттық Армиясында (СҰА) террор ұйымы YPG/PKK-ның шабуылдары нәтижесінде шәйіт болған әскер саны 144-ке ұласты.

1301240
YPG/PKK-ның шабуылдарында шәйіт болған СҰА әскері саны 144-ке ұласты

Түркия террор ұйымын нысанаға алған Бейбітшілік бұлағы операциясы барысында іздестіру жұмыстарын жалғастырған Сирия Ұлттық Армиясында (СҰА) террор ұйымы YPG/PKK-ның шабуылдары нәтижесінде шәйіт болғандар саны 144-ке ұласты.

Сирия Ұлттық армиясы әскерлері Түрік Қарулы күштерің Бейбітшілік бұлағы операциясы аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатты іздестіру жұмыстарына қатысуда.

Операцияның тоқтауымен Телль-Абяд және Расулайн маңындағы майдан желісінде күзет қызметін жалғастырған Сирия Ұлттық армиясы әскерлері террористтер орналастырған жарылғыштарды іздеу, жою және қауіпсіздік шараларын арттыру жұмыстарын орындауда. Майдан желісінде террористер жасаған қарулы шабуылдарды да тойтаруда.

Майдандағы Сирия Ұлттық Армиясы қолбасшыларының мағлұматтарына қарағанда 9 қазаннан бері жүргізілген бомба жою жұмыстары мен шабуылдарда 144 СҰА әскері шәйіт болды, 557 әскер жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар