Ата-анасыз босқын балалар саны артты

Грекияда ата-анасыз босқын бала саны 4 мың 779-ға жетті.

1301241
Ата-анасыз босқын балалар саны артты

Грекияда ата-анасыз босқын бала саны 4 мың 779-ға жетті.

Грекия Еңбек министрінің орынбасары Домна Михаилиду баспасөз брифингін ұйымдастырып,  балалардың 2 мыңының түрлі себеппен тұрған жерлерінен қашып кеткенін білдірді.

Михаилиду олардың тағдырынан хабарсыз екендерін,  оларды табу үшін грек полиция қызметінің жұмыс жүргізуде екенін атап көрсетті.

Елдегі ата-анасыз босқын балалардың 43 пайызы Ауғанстан, 25 пайызы Пәкістан, 9 пайызы Сириядан келген. Айырықша олардың 93,8 пайызы ер бала, 6,2 пайызы қыз бала.  7 пайызы болса 14 жастан кіші.

Михаилиду Германия және Сербия секілді бірқатар елдің өкілетті елшілерімен кездесу жүргізгендерін, ата-анасы немесе қасында қамқоршысы жоқ балалардың осы елдердің кейбіріне көшірілу ықтималы бар екенін айтты.

«Елде аталмыш балалардың баспана мәселесін шешу үшін де жұмыстар атқарылуда» деген Михаилиду осы тақырыпта Еуропа Комиссиясынан көмек сұрағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар