Ясир Арафаттың аты Италияда бір алаңға берілді

Ясир Арафаттың аты Италияның Сицилия аралындағы ең ірі қала Палермода бір алаңға берілді.

1298788
Ясир Арафаттың аты Италияда бір алаңға берілді

Палестинаның бұрынғы президенті және Палестина Азаттық ұйымының лидері Ясир Арафаттың аты Италияның оңтүстігіндегі Сицилия аралындағы ең ірі қала Палермода бір алаңға берілді.

Италия ақпаратында шыққан хабарларға қарағанда қала кемежайы жақынындағы Foro Italico ауданындағы бір алаңға марқұм палестикалық лидердің құрметіне "1994 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегері Ясир Арафат" деген тақтайша қойылды.

Палермо Қала әкімі Орландо қалаларында осының алдында Арафатпен бірге Ослодағы бейбітшілік кездесулеріне қатысқан Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ицхак Рабиннің аты берілгенін, енді Рабинмен 1994 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығын бөліскен Ясер Арафаттың аты берілгенін атап көрсетті.

Орландо осы әрекет арқылы Осло келісімдері рухына оралу және халықтар арасындағы түбегейлі бейбітшілікке жетуге бағытталған бір қадам басқандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар