Жапонияның 126-императоры Нарухито таққа шықты

Жаңа императордың таққа шығу рәсіміне 190 ел мен халықаралық мекемелерден 2 мыңға жуық адам қатысты.

1292477
Жапонияның 126-императоры Нарухито таққа шықты

Жапон императоры Нарухито бас қала Токиода императорлық сарайында ұйымдастырылған дәстүрлі бір рәсіммен елде «бақытгүл» деп аталатын императорлық тағына «Такамикура»-ға шықты. Жапон ханшайымы Масако болса ресми түрде Мичоодаи тағына отырды.

190 ел мен халықаралық мекемелерден 2 мыңға жуық адам қатысқан рәсімде, 59 жасар Нарухито «Атазаң бойынша қозғалатыныма, мемлекеттің және жапон халқының бірлік символы ретінде жауапкершілігімді орындайтыныма ант ішемін» деді.

Таққа шығу рәсіміне Түркиядан Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой қатысты.

Нурухито әкесінің денсаулығын алға тартып, 30 сәуір күні айырылған 30 жылдық императорлық тағын 1 мамыр күнінен бастап қабылдап алған болатын.

Жапон үкіметі Нарухитоның Такамикураға отыруы арқылы ел көлемінде 550 мың тұтқын үшін кешірім жарияланғанын да жариялады. Амнистия жол тәртібі бұзушылығы мен сайлау алаяқтықтарын қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар