АҚШ әскерінің Ирактың батысына шегінетінін жариялады

АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер мәлімдеме жасады.

1291130
АҚШ әскерінің Ирактың батысына шегінетінін жариялады

АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер президент Дональд Трамптың шешімімен Сирияның солтүстігінен шегінген мыңға жуық АҚШ әскерінің Ирактың батысына шегінетінін жариялады.

Марк Эспер Таяу Шығыс сапарына аттанар кезінде ұшақта баспасөзге мәлімдеме жасады.

Аталмыш әскерлердің толығымен қашан Иракқа баратыны жайлы мағлұмат берген Эспер тасымалдау жұмыстарының бірнешге аптаға жалғасатынын атап көрсетті.

Эспер осы әскерлердің Иракта ДАИШ террор ұйымымен күресті жалғастыратынын және Ирактың қорғанысына қолдау беретінін атап көрсетті.

Трамп алдында Сирияның солтсүтігінде міндет атқарған мыңға жуық АҚШ әскерін осы елден кері шегетінін жариялаған соң АҚШ Конгресі тарапынан ауыр сынға алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар