«PKK – ДАИШ-тен де жаман»

АҚШ президенті Түркияның операциясы жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

1289738
«PKK – ДАИШ-тен де жаман»

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трам: «PKK – террор және террор рискі тұрғысынан ДАИШ-тен де жаман» деді.

Дональд Трамп Италия президенті Сергио Маттарелламен өткізген кездесуінен кейін Ақ Үйде баспасөз мәслихатын өткізді.

Түрік Қарулы күштерінің Сирияның солтүстігіндегі операциясы жөніндегі бір сұраққа орай Трамп: «Президент Ердоғанның шешіміне таңғалмадым. Көп уақыттан бері осы операциясы жасағысы келіп жүр еді. Көптен бері Сирия шекарасына әскер жинап жүрді» деді.

Сирияның солтүстігіндегі әскерлерін әкеткенін еске салған Трамп: «Түркия мен YPG/PKK көп уақыттан бері соғысып келеді.  Сирия шекарасында да соғысуда. Бұл жер – Сирия шекарасы. Мен де досымыз емес бір елдің (Сирияның) жерін қорғаудамыз деп сұраймын. Сирияның да күрдтермен қатысы бар және олар YPG/PKK періште емес» деді.

«Көптеген жағынан PKK – террор және террор рискі тұрғысынан ДАИШ-тен де жаман» деді ол.

Трамп «Біз  НАТО мүшелерімен жақсы қатынаста болуымыз керек,  Түркия да НАТО мүшесі» деді.



Ұқсас жаңалықтар