Ауғанстандағы Талибан шабуылында 6 кісі мерт болды

Ауғанстанда Талибан мүшелері мен қорғаушылар арасында шыққан қақтығыста 6 қорғаушы қаза тапты.

1289775
Ауғанстандағы Талибан шабуылында 6 кісі мерт болды

Ауғанстанның Нуристан уәлаятының Норграм ауданында Талибан мүшелері мен қорғаушылар арасында шыққан қақтығыста 6 қорғаушы қаза тапты.

Норграм аудандық қоғам қауіпсіздік басқармасының басшысы Мұхаммет Жемил Талибан мүшелерінің қорғаушылар басқармасына шабуыл жасауынан кейін қақтығыс шыққанын білдірді.

Қақтығыста 6 қорғаушының қаза тапқанын білдірген Жемил 2 қорғаушының да жараланғанын айтты.

Жемил қақтығыста Талибан мүшелеріне де ауыр соққы берілгенін хабарлады.

Талибан тарапынан жасалған мәлімдемеде шабуылда 9 қауіпсіздік қызметкерінің қаза болғаны пайымдалды.



Ұқсас жаңалықтар