Кубада президент сайланды
Халық күші ұлттық мәжілісі Мигель Диас-Канельді президент ретінде сайлады.

Кубада сәуір айында бекітілген жаңа атазаң өзгерісіне орай 43 жылдан кейін мемлекет басшысы сайланды.
Гавана Конгресс сарайында өткен төтенше отырыста Халық күші ұлттық мәжілісі мүшелері 2023 жылға дейін міндет атқару үшін қазіргі Куба мемлекеттік кеңес және Министрлер кабинеті төрағасы Мигель Диас-Канельді президент ретінде сайлады.
Мигель Диас-Канель президент ретінде сайланғаннан кейін жасаған мәлімдемесінде қорғаныс және экономика саласына салмақ салатынын білдірді.
«Биыл экспорт, шетелдік инвестиция, тұрғын үй салу, азық-түлік өндірісі, туризм, қатынас және жаңаланатын энергия көздері секілді жұмыс салаларын нығайта түсеміз» деді ол.
Ұқсас жаңалықтар

Байден Түркиядағы жойқын жер сілкіністеріне тоқталды
Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден қайтыс болғандар үшін қатты қайғырғандарын айтты.

Зеленский Ұлыбританияға барды
Зеленскийді әуежайда Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак қарсы алды.