Трамп Бейбітшілік бұлағы операциясына тоқталды

Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обаманың PKK-мен келісімге келгенін, мұның қате болғанын айтты.

1285108
Трамп Бейбітшілік бұлағы операциясына тоқталды

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обаманың бөлшектеуші террористік ұйым PKK-мен келісімге келгенін, мұның қате болғанын айтты.

Дональд Трамп Түрік Қарулы Күштерінің Сирияда Евфрат өзенінің шығысында бастаған Бейбітшілік бұлағы операциясына байланысты мәлімдеме жасады.

Бұрынғы президент Барак Обаманың бөлшектеуші террористік ұйым PKK-мен  ынтымақтастық жасағанын мойындап, мұны "қате"  деп бағалаған Дональд Трамп:

"Түркия жылдар бойы жауыз дұшпаны PKK-мен  күрес жүргізіп келеді" деді. 

Түркияның сонымен бірге сириялық милиондағы босқынға үй иесі болғанын да ескеркен АҚШ президенті Трамп:

"Түркия болмаса бұл адамдар төңіректің төрт бұрышына тарайтын еді" деп көрсетті.

Американ әскерлерін Сириядан шегеру шешімінде қолдаған Трамп: "Бұл соңы жоқ соғысты аяқтатудың уақыты келді" деп баса дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар