Орыс журналист босатылды

Тегеранда қамауға алынған орыс журналист Юлия Юзик босатылды.

1285756
Орыс журналист босатылды

Иранның бас қаласы Тегеранда қамауға алынған орыс журналист Юлия Юзик босатылды.

Иран баспасөзінде жарияланған хабарларда өткен аптада Тегерандағы бір қонақүйде қамауға алынған Юзиктің босатылғаны айтылды.

Тегеран Имам Хүмейни халықаралық әуежайында төлқұжаты алынып,  артынан қонақүйде қамауға алынған орыс журналист Юлия Юзикке байланысты Иранның Ресейдегі өкілетті елшісі Мехди Санаиді Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырған болатын.

Журналист тыңшылық айыптауымен қамауға алынды деген хабар тарады.

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Али Ребби Юзиктің қамауға алыну себебінің визасына байланысты екенін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар