Медведев Кубаға сапарлай барды

Медведев пен Мигель Диас-Канель екі ел үкіметтері және мекемелері арасындағы кейбір келісімдерге қол қояды.

1281542
Медведев Кубаға сапарлай барды

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Америка Құрама Штаттары санкциялармен қыспаққа алған одақтасы Кубаға сапарлай барды.

Америка Құрама Штаттары Венесуэла және Никарагуа секілді санкциялармен қыспаққа алған,  соңғы кезде жағармай тапшылығына ұшыраған Кубаға барған Медведев пен Куба басшысы Мигель Диас-Канель екі ел үкіметтері және мекемелері арасындағы кейбір келісімдерге қол қояды.

Аймақ баспасөзінде жарияланған хабарларда сапарда екі ел арасында экономика,  сауда, энергия,  қатынас,  мәдениет, инвестиция және гуманитарлық күш саласындағы қатынастардың қолға алынатыны хабарланды.

Ресей Қытай, Испания, Венесуэла және Канадамен бірге Кубаның да маңызды сауда ортағы. Куба осы елден 75 дана локомотив сатып алды.

Кубада күніне 42 мың баррель мұнай өндіріледі. Өзіне керекті 62 мың баррель мұнайды Ресей және Венесуэладан сатып алуға тырысуда.



Ұқсас жаңалықтар