5+1 елдері жиналысы үшін дайындық жүргізілді
Иран Еуразия Экономикалық одағына мүше болады.
Иран президенті Хасан Рухани Нью-Йоркта 4+1 елдерінің министрлер деңгейінде өткізген жиналыста 5+1 елдері жиналысы үшін дайындық жүргізілгенін және барлық тараптар келіскен осы процестің басқа түрде жалғасуы мүмкін екенін айтты.
Рухани Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Еуразия Экономикалық одағының Лидерлер саммитіне қатысу мақсатымен Ереванға аттанбастан бұрын кеше Тегеранда баспасөз мәслихатын өткізді.
Франция, Ұлыбритания, Қытай, Ресей және Германиядан тұратын 4+1 елдерімен министрлер деңгейінде өткен жиналыста АҚШ та қосылатын 5+1 елдерінің жиналысы үшін дайындық жүргізілгенін білдірді. «5+1 елдерінің жиналысы әрі елдердің рұқсатын алды. Осы тақырыпта өте маңызды қадам басылды және бұл қадам басқа түрде жалғасуы мүмкін» деді ол.
Рухани Иранның ядролық энергия мәселесін халықаралық қағидаларға сай жағдайға келтіруі және Америка Құрама Штаттарын ядролық келісімге кері оралуы үшін ынталандырудың маңызды екенін тілге тиек етті.
Рухани Иранның Еуразия Экономикалық одағына мүше болу процесінің қазан айында басталатынын, алайда қазір осы одақпен еркін сауда аймақ қатынастары бар екенін айтты.
«ЕЭО-ның 180 миллион тұрғын саны бар. 80 миллиондық Иран да мүше болса, өте маңызды болады» деді ол.