Қытай АҚШ-тың Тайбэй жобасына наразылық көрсетті

Қытай АҚШ-тың Тайбэй жобасына және қытайлық іскерлер мен компанияларға эмбарго жасау шешіміне наразылық көрсетті.

1277156
Қытай АҚШ-тың Тайбэй жобасына наразылық көрсетті

Қытай Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының Тайваньмен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген елдерге АҚШ жәрдемдерін тоқтатуды дәріптеген Тайбэй жобасына және қытайлық іскерлер мен компанияларға эмбарго жасау шешіміне наразылық көрсетті.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Гынг Шуанг астана Пекинде ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Америка Құрама Штаттары Сенатының Сыртқы байланыстар комитеті бекіткен Тайбэй жобасы арқылы Қытайдың ішкі істеріне киліккенін, Қытай мен АҚШ арасында қол қойылған қатысты келісімдер мен халықаралық құқықты аяқ асты еткенін айтты.

Мәлімдемеші Гынг Шуанг:

"Тайбэй жобасы Қытай ережелеріне, халықаралық құқық пен халықаралық қарым-қатынастардың негізгі ережелеріне қайшы келді, Қытайдың ішкі істеріне ауыр дәрежеде килікті. Қытай тарапы бұған батыл қарсы шығады" деп көрсетті.

Америка Құрама Штаттары Сенатының Сыртқы байланыстар комитеті Тайбэй жобасы аталған Тайвань Одақтастары Халықаралық қорғау және жақсарту жобасын мақұлдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар