Трамп ұлттық мемлекет жайлы үндеу тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп ұлттық мемлекет және ұлтшылдық жайлы үндеу тастады.

1275992
Трамп ұлттық мемлекет жайлы үндеу тастады

Трамп ұлттық мемлекет жайлы үндеу тастады.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп ұлттық мемлекет және ұлтшылдық жайлы үндеу тастады.

Нью-Йорк қаласында жалғасқан Біріккен Ұлттар Ұйымы 74-ші жалпы кеңесі жиналысында сөз сөйлеген Дональд Трамп жаһандану үрдісін қабылдамау және ұлтшылдықты жақтау жайлы үндеу тастады.

Трамп «Ақылды лидер алдымен өз халқы мен елін қорғайды. Болашақ жаһандану жақтаушыларға емес, отан сүйгіштерге тиесілі » деді.

Ұлттық мемлекеттің күшейтілуі керектігі туралы мәлімдеме жасаған Трамп сөзін былай жалғастырды: «Әр елден осы жерге  келіп отырғандар өз елінің мәдениеті мен тарихын қорғауға мүдделі. Егер еркіндік пен демократияны қалайтын болсаңыз, онда егемендігіңізге ие шығыңыздар. Бейбітшілікті қалайтын болсаңыз еліңізді сүйіңіздер» деді.



Ұқсас жаңалықтар